← К номинациям

За вклад в популяризации знаний

В каждой номинации можно проголосовать только один раз.

Пройдите проверку.

№ 1 Мадияров Бағдат Жұмабайұлы

Актюбинская область, Шалқар ауданы

Мен, Мадияров Бағдат Жұмабайұлы, математика пәнінің мұғалімі ретінде өзімнің кәсіби қызметімді оқушыларға сапалы білім берумен ғана шектемей, олардың интеллектуалдық қабілетін дамытуға, математикалық және функционалдық сауаттылығын арттыруға, қоғамдық белсенділігін қалыптастыруға және білімін өмірде тиімді қолдана алатын тұлға болып қалыптасуына бағыттап келемін. Педагогикалық қызметімдегі басты ұстанымым – әрбір оқушының қабілетін байқап, оның білім алуға деген қызығушылығын арттыру және өз мүмкіндігін жүзеге асыруына жағдай жасау. Математика пәні оқушылардың логикалық ойлауын, талдау, салыстыру, дәлелдеу және шешім қабылдау қабілеттерін дамытатын негізгі пәндердің бірі. Сондықтан сабақ барысында оқушыларды дайын формулаларды жаттауға ғана емес, есептің шешу жолын түсінуге, өз ойын дәлелдеуге, бірнеше тәсілді салыстыруға және алған білімін күнделікті өмірде қолдануға үйретуге басымдық беремін. Өмірлік жағдаяттарға негізделген есептер арқылы оқушылардың қаржылық, математикалық және функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға көңіл бөлемін. Әлеуметтік бағыттағы жұмысымның маңызды бөлігі – білім алушыларға тең мүмкіндік беру және олардың жеке қабілеттерін дамыту. Білім деңгейі төмен оқушылармен қосымша жұмыстар жүргізіп, тақырыптарды қайта түсіндіру, сараланған тапсырмалар беру арқылы олардың біліміндегі олқылықтарды толықтыруға тырысамын. Ал пәнге қызығушылығы жоғары оқушыларды олимпиадаларға, интеллектуалдық сайыстарға және түрлі математикалық жарыстарға дайындап, олардың қабілетін одан әрі дамытуға жағдай жасаймын. Оқушыларымның математика пәнінен түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен сайыстарда жүлделі орындарға ие болуы – осы бағыттағы жүйелі еңбегімнің нәтижесі. 2023 жылы 5–6 сынып оқушылары арасында өткізілген «Алтын сақа» аудандық олимпиадасында оқушым Дәрібаев Бейбарыс ІІ орын иеленді. Сол жылы «Достық-2023» облыстық олимпиадасында І орын алып, жоғары нәтиже көрсетті. Сонымен қатар «IQ-Doda-2023» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде ІІІ орынға ие болды. Бұл жетістіктер оқушының математикалық қабілетін дамытуға бағытталған жүйелі дайындық жұмыстарының нәтижесін көрсетеді. 2024–2025 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық математика олимпиадасында 6-сынып оқушым Досым Әмина І орынға ие болды. Оқушылардың осындай нәтижелерге қол жеткізуі мен үшін тек кәсіби жетістік емес, сонымен бірге олардың өзіне деген сенімін арттырып, білімге ұмтылысын қалыптастыратын маңызды әлеуметтік нәтиже болып табылады. Себебі олимпиадаға дайындық барысында оқушылар табандылыққа, еңбекқорлыққа, уақытты тиімді пайдалануға және қиындықтарды жеңуге үйренеді. Өзімнің кәсіби дамуым мен педагогикалық шеберлігімді арттыруға да үнемі көңіл бөлемін. 2023 жылы Ақтөбе облысы бойынша математика пәні мұғалімдеріне арналған олимпиадада І орын иелендім. Бұл нәтиже өз пәнім бойынша білімімді үнемі жетілдіруге, заманауи оқыту әдістерін меңгеруге және кәсіби ізденісті жалғастыруға деген ұмтылысымның көрсеткіші деп есептеймін. Математикалық білімді оқушылардың өмірлік дағдыларымен байланыстыру мақсатында түрлі сайыстар мен интеллектуалдық іс-шараларға қатыстыру жұмыстарын жүргіземін. «Математикалық регата» аудандық кезеңіне қатысып, сертификатқа ие болдым. «Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» аудандық сайысында командалық есепте Бас жүлде, ал жұптық сайыста ІІ орын иелендім. Бұл іс-шаралар оқушылардың оқу және математикалық сауаттылығын қатар дамытуға, мәтінмен жұмыс жасауға, ақпаратты талдауға және математикалық шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Кәсіби білімімді жетілдіру мақсатында «Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету» тақырыбындағы «Математика» бағыты бойынша біліктілікті арттыру жұмыстарына қатыстым. Сонымен қатар жалпы білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім беру бағыты бойынша сертификат алып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға қолайлы оқу ортасын қалыптастырудың маңызын арттыруға назар аударып келемін. Қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысу бағытым да кәсіби қызметіммен қатар жүреді. Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «Jasyl Cross» экологиялық плоггинг жарысына қатысып, ІІ орынға ие болдым. Бұл бағыттағы жұмыстарды оқушыларға да үлгі ретінде көрсетіп, табиғатты қорғау, тазалық сақтау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіруге тырысамын. Педагогикалық еңбегім мен қоғамдық белсенділігім де бағаланып келеді. 2025 жылы білім беру саласындағы табысты еңбегім үшін Алматы өңіріне танымдық тарихи саяхаттауға арналған сертификатпен марапатталдым. Сол жылы «Жастар рухы» Жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы А. Тыныштықтан Алғыс хат алдым. 2026 жылы Жастар күніне орай аудан әкімінен Алғыс хатпен марапатталдым. Бұл марапаттарды мен жеке жетістік ретінде ғана емес, білім беру саласында және қоғамдық ортада атқарып жүрген жұмыстарымның нәтижесі ретінде бағалаймын. Оқушылардың қоғамдық белсенділігін арттыруға да ерекше көңіл бөлемін. Математика пәні арқылы оқушыларды ізденуге, өз ойын еркін жеткізуге, топпен жұмыс жасауға, өзара көмек көрсетуге және ортақ нәтижеге қол жеткізуге тәрбиелеймін. Топтық және жұптық жұмыстар барысында оқушылар бір-бірінің пікірін тыңдап, есептің шешу жолдарын талқылап, ортақ шешім қабылдауды үйренеді. Бұл олардың болашақтағы әлеуметтік ортаға бейімделуіне және қоғам мүшесі ретінде жауапкершілікпен әрекет етуіне негіз болады. Қазіргі білім беру жүйесінде жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Осыған байланысты математика сабақтарында цифрлық ресурстарды тиімді пайдалануға, оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау қабілетін дамытуға және жасанды интеллект құралдарын жауапкершілікпен қолдануға үйретуге мән беремін. ЖИ-ді дайын жауапты көшіру үшін емес, есептің шешу жолдарын салыстыру, қателерді анықтау, өз білімін тексеру және жаңа идеялар іздеу құралы ретінде пайдалануды түсіндіремін. Бұл оқушылардың цифрлық және ақпараттық сауаттылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Мен үшін мұғалімнің қоғамдық пайдалы үлесі тек жүлделі орындар мен марапаттар санымен өлшенбейді. Оның негізгі нәтижесі – оқушының білімге деген қызығушылығының артуы, өзіне деген сенімінің қалыптасуы, қиындыққа мойымай, шешім іздей білуі және алған білімін қоғам мен күнделікті өмірде пайдалана алуы. Осы бағытта әр оқушының жетістігін бағалап, оны одан әрі дамуға ынталандыруды басты міндеттерімнің бірі деп санаймын. Алдағы уақытта да математика пәнін оқыту сапасын арттырумен қатар, оқушылардың математикалық, функционалдық және қаржылық сауаттылығын дамытуға, олимпиадалық және интеллектуалдық бағыттағы жұмыстарды жетілдіруге, инклюзивті білім беру қағидаларын жүзеге асыруға және цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні тиімді пайдалануға бағытталған жұмыстарды жалғастырамын. Менің әлеуметтік бағыттағы негізгі мақсатым – математика пәнін меңгерген, логикалық ойлайтын, жауапты шешім қабылдай алатын, өз білімін өмірде қолданатын және қоғамға пайдасын тигізуге ұмтылатын саналы азамат қалыптастыру. Оқушыларымның жетістігі, өзімнің кәсіби нәтижелерім және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуым арқылы білім беру саласының дамуына және қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттыруға өз үлесімді қосып келемін.

Текст приведен на языке подачи заявки.

25
голосов

№ 2 Сепбосынов Дінмұхаммед Талғатұлы

город Алматы, Алматы

Мой основной вклад в решение социально направленных и общественно полезных задач заключается в создании и продвижении образовательных возможностей для молодёжи. Я убеждён, что доступ к качественному образованию, информации и людям, которые могут поделиться своим опытом, способен значительно изменить жизненный путь человека. Именно поэтому большую часть своей волонтёрской деятельности я посвятил сфере образования и просвещения. Одним из наиболее значимых направлений моей деятельности стала волонтёрская стажировка в IDP IELTS Kazakhstan — официальном тестовом центре международного экзамена IELTS. В составе команды я участвовал в разработке и организации проектов, направленных на информирование молодых людей о возможностях международного образования. Среди них были IDP High Achievers 2025, который привлёк более 50 участников, IDP Forum 2025 — более 300 участников, а также EduFest 2025 by IDP IELTS Kazakhstan — более 70 участников. Я помогал создавать контент для социальных сетей, привлекать аудиторию, заинтересованную в международном образовании, и организовывать мероприятия. Особенно важным для меня было то, что эти проекты позволяли молодым людям напрямую знакомиться с людьми, уже прошедшими путь международного образования. В рамках деятельности IDP я познакомился со студентами и выпускниками ведущих университетов, молодыми специалистами и другими представителями образовательной сферы. Их опыт помогал участникам мероприятий лучше понимать возможности обучения за рубежом и мотивировал их самостоятельно развиваться. Мой вклад в работу команды был отмечен тем, что после завершения стажировки я был выбран тимлидером следующего потока стажёров IDP IELTS Kazakhstan. На этой позиции я уже координировал работу двух групп стажёров, помогал им реализовывать собственные инициативы и вовлекать сверстников в образовательную деятельность. Таким образом, мой вклад вышел за рамки непосредственного участия в проектах: я начал помогать другим молодым волонтёрам самостоятельно создавать общественно полезные инициативы. Другим направлением моей деятельности стала волонтёрская стажировка в Interpress Abroad — департаменте Interpress International House, который помогает школьникам поступать в ведущие университеты мира. Там я участвовал в создании образовательных проектов и контента для социальных сетей, направленного на информирование школьников о возможностях международного образования. Кроме того, я организовывал тимбилдинги для стажёров, помогая создавать более сплочённую команду и развивать горизонтальные связи между молодыми людьми. Получив опыт работы в крупных образовательных проектах, я решил самостоятельно создать собственную образовательную инициативу. Я пригласил выпускника Harvard University Шадияра Леса выступить в качестве спикера на мероприятии, которое я организовал на базе Казахского государственного женского педагогического университета в Алматы. Мероприятие посетили более 100 человек. Для меня это стало важным опытом, поскольку я самостоятельно прошёл путь от идеи и поиска спикера до организации события и привлечения аудитории. В результате участники получили возможность напрямую услышать опыт человека, прошедшего путь обучения в одном из ведущих университетов мира. Значимую часть моего волонтёрского опыта составляет деятельность в UNICEF Kazakhstan — представительстве Детского фонда ООН в Казахстане. Я начал участвовать в деятельности организации ещё со школьного возраста, когда особенно остро ощущал нехватку образовательных и внеклассных возможностей для молодых людей. Я участвовал в челленджах на платформе UNICEF Zhastary, посещал проекты и мероприятия организации, представлял её деятельность и старался привлекать к образовательным и волонтёрским инициативам других молодых людей. Одним из самых масштабных проектов, в которых я участвовал, стал Almaty Youth Forum: Central Asia United for Sustainable Development. Я прошёл отбор в организационную команду мероприятия, посвящённого возможностям для молодёжи, образованию и устойчивому развитию. Форум объединил более 600 участников из разных регионов Казахстана, а также молодых людей из Кыргызстана. В мероприятии участвовали представители ООН, эксперты и другие приглашённые спикеры. Особенно значимым для меня было то, что площадка предоставляла возможность выступать не только профессионалам, но и школьникам, демонстрируя, что возраст не является препятствием для общественной активности и международного признания. Кроме образовательного направления, я прошёл онлайн-обучение по чрезвычайным ситуациям в рамках программы «AMAN» при поддержке Национальной волонтёрской сети. Благодаря этому я получил знания о том, как правильно действовать в чрезвычайных ситуациях и оказывать помощь людям, оказавшимся в опасной ситуации. Эти навыки расширили моё понимание волонтёрства: общественная польза заключается не только в просвещении, но и в готовности прийти на помощь тогда, когда она действительно необходима. Таким образом, мой волонтёрский вклад состоит не только в участии в отдельных мероприятиях. Я последовательно создаю, организовываю и продвигаю образовательные возможности для молодых людей, помогаю им узнавать о международном образовании, находить единомышленников и получать доступ к опыту людей, которые уже добились значимых результатов. За время моей деятельности я участвовал в проектах, которые суммарно охватили более тысячи человек, а также перешёл от роли участника к роли организатора и тимлидера. Я верю, что решение общественных проблем начинается с конкретных действий. Иногда это крупный форум на сотни участников, иногда — небольшое мероприятие на 100 человек или помощь одному человеку с поиском образовательной возможности. Для меня важно не количество благодарностей, а то, что после моей работы у другого человека появляется больше знаний, возможностей и уверенности в собственных силах. Именно такой вклад я хочу продолжать вносить в общество через образование и волонтёрство.

0
голосов

№ 3 Малик Майра Маликқызы

город Алматы, Түркісіб ауданы

Білімді қоғам игілігіне айналдыруды кәсіби және ағартушылық қызметімнің негізгі бағыты ретінде ұстанып келемін. Ұлттық мұраны ғылыми тұрғыдан зерделеу, цифрлық білім беру жобаларын әзірлеу, оқушылар мен педагогтерге әдістемелік бағыт-бағдар беру және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы білімді кең аудиторияға тарату бағытында жүйелі жұмыс жүргізудемін. 1. Д.А. Қонаев мұрасын ғылыми айналымға енгізу. Д.А. Қонаевтың нақыл сөздерін филологиялық зерттеу нысанына айналдыруға бастама жасап, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде осы бағыттағы дипломдық жұмыстың қорғалуына мұрындық болдым. 2. «AbaiLab» цифрлық білім беру платформасын әзірлеу. Абайдың «Толық адам» ілімін ұлттық құндылықтар, жасанды интеллект және цифрлық технологиялармен сабақтастырып, білім алушыларға қолжетімді заманауи білім беру форматын ұсындым. 3. Рахым Сәрсенбин мұрасын жаңғырту. Рахым Сәрсенбиннің өмірі, шығармашылығы, педагогикалық еңбегі мен ұлттық ою-өрнек мұрасын жинақтап, «Тарихтың тың тұлғасы» кітап-жинағын әзірлеуге атсалыстым. 4. Білімді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен насихаттау. Телевизия, баспасөз және онлайн-платформаларда білім беру, тіл мен әдебиет, ұлттық құндылықтар, жасанды интеллект және қоғамдық мәселелер бойынша сарапшылық пікір білдіріп, ағартушылық тәжірибені қоғамға жүйелі түрде таратып келемін. 5. Оқушыларға ғылыми және шығармашылық бағыт-бағдар беру. Оқушыларды халықаралық және республикалық олимпиадаларға, ғылыми жобалар мен шығармашылық байқауларға дайындап, олардың білімін нақты нәтижеге бағыттадым. 6. Педагогтерге ерікті кәсіби-әдістемелік қолдау көрсету. Өңірлерден қатысқан 7 педагогке ғылыми-әдістемелік бағыт-бағдар беріп, республикалық байқауларға дайындадым; нәтижесінде 3 педагог І орын, 2 педагог ІІ орын, 2 педагог ІІІ орын иеленді. 7. Абай мұрасын пәнаралық білім мазмұнына енгізу. Абай шығармаларын әдебиетпен ғана шектемей, математика және өзге пәндермен кіріктіріп оқыту идеясын білім беру тәжірибесінде насихаттадым. 8. «Тұлға тұғыры: АбайLAB» оқу-әдістемелік құралын әзірлеу. Абай тағылымын заманауи педагогикалық әдістермен меңгертуге бағытталған оқу-әдістемелік құрал арқылы ұлттық мұраны жаңа білім беру форматына бейімдедім. 9. Qazaq National School Programme (QNSP) бағдарламасын әзірлеуге қатысу. Ы.Алтынсарин атындағы академиямен бірге Абай ұлттық мектебіне арнайы әзірленген білім беру бағдарламасының жұмыс тобы құрамында ұлттық мектеп моделінің мазмұнын қалыптастыруға үлес қостым, атап айтсақ: мектеп тұжырымдамасы, оқу бағдарламасы. 10. Жаңа бейіндік білім мазмұнын қалыптастыру. Желілік Абай мектептеріне арналған «Когнитивті лингвистика», «Қазақ жазуының тарихы», «Мәдениетаралық коммунакация», «Тұлғатану» сияқты жаңа бейіндік пәндерінің үлгілік оқу бағдарламаларының авторымын. 11. Оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамыту. «Оқушылардың әлеуметтік желілердегі сауаттылығы» элективті курсы арқылы цифрлық ортадағы сауатты, жауапты коммуникация мәдениетін қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын ұсындым. 12. Цифрлық тіл мәдениетін ғылыми тұрғыдан зерделеу. «Әлеуметтік желі коммуникациясы: желілік этикет пен тіл экологиясы» монографиясы арқылы желідегі тіл мәдениеті мен жауапты коммуникация мәселесін ғылыми-білім беру кеңістігіне енгіздім. 13. Оқу сауаттылығын дамытуға әдістемелік үлес қосу. «Оқу сауаттылығы: мәтінмен жұмыс жасау әдістемесі» әдістемелік нұсқаулығын бірлесіп әзірлеп, педагогтерге мәтінмен жұмыс жүргізудің тәжірибелік тәсілдерін ұсындым. 14. Жас зерттеушілердің ғылыми мәдениетін қалыптастыру. «Ғылыми ізденіс: зерттеу жұмысына бағдар» оқу-әдістемелік құралы арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға әдістемелік қолдау көрсеттім. 15. Халық ауыз әдебиетін жас ұрпаққа насихаттау. «Алтын шырақ» жинағын құрастыру арқылы халық ауыз әдебиетінің құнды үлгілерін білім алушыларға жеткізуге үлес қостым. 16. Жас авторлардың шығармашылығын қолдау. «Жауқазын», «Қауырсын қалам», «Балбұлақ», «Ел деп соқты жүрегім», «Дара шыққан дарындар» жинақтарына редакторлық жасап, оқушылар шығармашылығының көпшілікке таралуына ықпал еттім. 17. Мектептегі зияткерлік және шығармашылық ортаны дамыту. «Абай үні» танымдық әдеби-көркем журналының редакторы ретінде оқушылардың шығармашылық және танымдық ізденістерін жариялауға мүмкіндік жасадым. 18. Ұлттық мұраны цифрлық форматта насихаттау. Дәстүрлі әдеби мұраны жасанды интеллект мүмкіндіктерімен ұштастырып, ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа заманауи цифрлық тілмен жеткізу бағытын дамытып келемін. 19. Білімді өңірлерге тарату. Астана, Алматы, Атырау, Талдықорған қалалары мен Алматы облысының пән мұғалімдеріне әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік бағыт-бағдар беріп, педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, №514 тізіміне кірген байқау-конкурстарға дайындап, нәтижеге қол жеткізіп жүрмін. 20. Білімді қоғам игілігіне айналдыру. Авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми еңбек, цифрлық платформа, тәлімгерлік және БАҚ-тағы ағартушылық қызметті өзара сабақтастырып, білімді мектеп қабырғасынан кең қоғамдық ортаға таратуға жүйелі үлес қосып келемін.

Текст приведен на языке подачи заявки.

2
голосов

№ 4 Нуртазаева Раушан Онгаровна

Туркестанская область, Жетісай ауданы

Білімді әйгілеудегі үлесі үшін» номинациясы аясында қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге белсенді қатысып келемін. Осы уақытқа дейін білім беру сапасын арттыру және оны жастар арасында дәріптеу мақсатында ұйымдастырдым (немесе қатыстым). Нәтижесінде 20 балаға тегін Саналы тәрбие мен сапалы білім беру арқылы қоғамның интеллектуалдық әлеуетін көтеруге өз үлесімді қосуды азаматтық парызым деп санаймын.дайындап, жоғары жүлделі орындарға (Мәндібай Ақниет - 2 орын, Акилбай Аяулым - 3 орын) жеткізуім, бастауыш сынып оқушыларын (Ақбота, Құрбан Мерей, Сәбит Жәңгір хан) ерте жастан ғылымға баулуым – бұл білімнің салтанат құруына қосқан нақты үлесім.Сонымен қатар, сынып жетекшісі ретінде «Адал азамат» бағдарламасын кеңінен насихаттап, оқушылардың бойында отансүйгіштік, адалдық, жауапкершілік сияқты әлеуметтік маңызды қасиеттерді қалыптастыруым менің қоғам алдындағы міндетімді адал атқарып жүргенімді көрсетеді.«Білімді әйгілеудегі үлесі үшін» номинациясы мен үшін тек марапат емес, бұл – алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруға, білім беру саласындағы әлеуметтік жобаларды одан ары ауқымды түрде іске асыруға беретін үлкен мүмкіндік пен жаңа серпін. Мен болашақта да еліміздің интеллектуалды элитасын қалыптастыруға, сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісіне өз үлесімді аянбай қоса беремін.дайындап, жоғары жүлделі орындарға (Мәндібай Ақниет - 2 орын, Акилбай Аяулым - 3 орын) жеткізуім, бастауыш сынып оқушыларын (Ақбота, Құрбан Мерей, Сәбит Жәңгір хан) ерте жастан ғылымға баулуым – бұл білімнің салтанат құруына қосқан нақты үлесім.Сонымен қатар, сынып жетекшісі ретінде «Адал азамат» бағдарламасын кеңінен насихаттап, оқушылардың бойында отансүйгіштік, адалдық, жауапкершілік сияқты әлеуметтік маңызды қасиеттерді қалыптастыруым менің қоғам алдындағы міндетімді адал атқарып жүргенімді көрсетеді.«Білімді әйгілеудегі үлесі үшін» номинациясы мен үшін тек марапат емес, бұл – алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруға, білім беру саласындағы әлеуметтік жобаларды одан ары ауқымды түрде іске асыруға беретін үлкен мүмкіндік пен жаңа серпін. Мен болашақта да еліміздің интеллектуалды элитасын қалыптастыруға, сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісіне өз үлесімді аянбай қоса беремін.дайындап, жоғары жүлделі орындарға (Мәндібай Ақниет - 2 орын, Акилбай Аяулым - 3 орын) жеткізуім, бастауыш сынып оқушыларын (Ақбота, Құрбан Мерей, Сәбит Жәңгір хан) ерте жастан ғылымға баулуым – бұл білімнің салтанат құруына қосқан нақты үлесім.Сонымен қатар, сынып жетекшісі ретінде «Адал азамат» бағдарламасын кеңінен насихаттап, оқушылардың бойында отансүйгіштік, адалдық, жауапкершілік сияқты әлеуметтік маңызды қасиеттерді қалыптастыруым менің қоғам алдындағы міндетімді адал атқарып жүргенімді көрсетеді.«Білімді әйгілеудегі үлесі үшін» номинациясы мен үшін тек марапат емес, бұл – алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруға, білім беру саласындағы әлеуметтік жобаларды одан ары ауқымды түрде іске асыруға беретін үлкен мүмкіндік пен жаңа серпін. Мен болашақта да еліміздің интеллектуалды элитасын қалыптастыруға, сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісіне өз үлесімді аянбай қоса беремін.

Текст приведен на языке подачи заявки.

0
голосов

№ 5 Юдина Анастасия Владимировна, Волонтерское движение РиКо

Восточно-Казахстанская область, город Риддер

Мой вклад в популяризацию знаний Я считаю, что знания приобретают особую ценность тогда, когда человек не только получает их для себя, но и может передать другим. Именно поэтому популяризация знаний для меня заключается не только в хорошей учёбе или посещении образовательных мероприятий. Это возможность делиться полезной информацией, рассказывать людям о важных общественных вопросах, постоянно развиваться и своим примером показывать окружающим значимость образования и активной жизненной позиции. Основой моего стремления к популяризации знаний является образование. Я всегда старалась ответственно относиться к учёбе, узнавать больше необходимого материала и самостоятельно расширять свой кругозор. Успешное окончание учебного периода стало для меня важным результатом проделанной работы. Я воспринимаю хорошие результаты не просто как оценки, а как доказательство того, что постоянный труд, стремление к развитию и желание узнавать новое действительно дают результат. Я уверена, что желание делиться знаниями начинается прежде всего с собственного стремления человека учиться. Большое значение для меня имеет участие в олимпиадах и различных интеллектуальных конкурсах. Подготовка к ним позволяла мне самостоятельно искать дополнительную информацию, анализировать её, развивать память, мышление и внимательность. Благодаря этому я могла глубже изучать интересующие меня темы и одновременно проверять собственный уровень знаний. Кроме того, участие в подобных мероприятиях показывает другим молодым людям, что образование может быть не только обязанностью, но и интересным способом развиваться, приобретать новый опыт и открывать перед собой дополнительные возможности. Важную роль в моём развитии сыграли тренинги и образовательные мероприятия. Они помогли мне получить новые знания и практические навыки, научиться эффективнее взаимодействовать с людьми, работать в команде и правильно воспринимать и передавать информацию. Каждый тренинг давал мне новый опыт, который впоследствии можно было применять не только в учёбе, но и в общественной и волонтёрской деятельности. Отдельное направление моей активности связано с участием в инициативах «Жасыл ел» и «Таза Қазақстан». В рамках этих мероприятий я принимала участие в общественно полезной работе, общалась с жителями города, распространяла листовки и информационные материалы, рассказывала людям о важных вопросах и старалась привлечь их внимание к экологической ответственности. Я считаю, что экологическое просвещение имеет большое значение. Важно не только привести в порядок территорию или посадить дерево, но и объяснить людям, почему необходимо заботиться об окружающей среде. Поэтому во время участия в подобных мероприятиях я старалась не ограничиваться выполнением поставленных задач. Мне было важно доносить до населения информацию о чистоте города, ответственном отношении к природе, экологической культуре и роли каждого человека в сохранении окружающего мира. Также значимой частью моей общественной деятельности стало участие в мероприятиях Молодёжного центра. Я воспринимаю его как площадку, где молодые люди могут получать новые знания, развивать свои способности, общаться, участвовать в образовательных и общественно полезных проектах. Такие мероприятия помогают молодёжи узнавать о возможностях для волонтёрства, образования и самореализации. Участие в них позволило мне получить новый опыт и познакомиться с направлениями, в которых я могу быть полезна обществу. Ещё одним важным для меня направлением является «Заң мен тәртіп». Я считаю, что правовая грамотность особенно необходима молодому поколению. Каждый человек должен понимать свои права и обязанности, знать об ответственности за свои поступки и соблюдать правила, установленные обществом и государством. Участие в мероприятиях этого направления помогло мне лучше понять значение правового просвещения. Распространение такой информации также является частью популяризации знаний, поскольку осведомлённый человек способен принимать более взвешенные и ответственные решения. Я также считаю важными различные информационные акции, просветительские беседы, тематические встречи, викторины, тренинги и мероприятия для молодёжи. Такие форматы позволяют доступно рассказывать о вопросах, которые непосредственно связаны с повседневной жизнью: экологической культуре, здоровому образу жизни, безопасности, правовой грамотности, образованию, ответственному поведению и возможностях для личного развития. Для меня важно не только получать новую информацию, но и делиться ею с окружающими. Если я узнаю что-то полезное, мне хочется понять, где это можно применить и каким образом рассказать об этом другим. Я убеждена, что для популяризации знаний не всегда необходимы масштабные проекты. Иногда достаточно объяснить человеку интересующую его информацию, помочь разобраться в определённом вопросе, принять участие в информационной акции или передать полезный материал. Именно из таких небольших действий и формируется значимый общественный вклад. Волонтёрская деятельность многому меня научила. Я стала более ответственной, инициативной и открытой к общению. Благодаря участию в различных проектах я поняла, что желание помогать людям должно сочетаться с определёнными знаниями, умением работать в коллективе и готовностью постоянно учиться. Поэтому я продолжаю участвовать в образовательных, интеллектуальных и общественных мероприятиях, стараясь применять полученные знания на практике. Мой вклад в популяризацию знаний складывается из нескольких направлений. Это успешная учёба и участие в олимпиадах, посещение тренингов, участие в «Жасыл ел» и «Таза Қазақстан», мероприятия Молодёжного центра и инициативы «Заң мен тәртіп», а также непосредственное общение с людьми и распространение полезной информации. Все эти направления помогают мне развиваться и одновременно приносить пользу окружающим. Для меня звание «Волонтёр года» — это не просто возможность получить награду. Это признание того, что молодые люди могут активно участвовать в жизни своего города, развиваться, получать знания и использовать их на благо общества. В дальнейшем я хочу продолжать участвовать в волонтёрских и просветительских проектах, получать новые знания и делиться ими с другими молодыми людьми. Я верю, что изменения в обществе начинаются с простых действий. Один человек может поделиться полезной информацией с другим, тот — передать её дальше, и таким образом знания распространяются среди всё большего количества людей. Поэтому свой вклад в популяризацию знаний я вижу не только в личных достижениях, но и в постоянном стремлении учиться, информировать окружающих, участвовать в общественно полезных мероприятиях и своим примером показывать, насколько важны образование, развитие и волонтёрство.

0
голосов

№ 6 Жакатаева Алтынай Насыпкановна

Алматинская область, Қарасай ауданы

«Білімді әйгілеуге қосқан үлесі үшін» номинациясына Мен, Жакатаева Алтынай Насыпқанқызы, ауыл шаруашылығы саласында 14 жылдан бері ғылыми бағытта тұрақты әрі нәтижелі еңбек етіп келемін. Кәсіби қызметімде экологиялық таза және органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге, сондай-ақ жасанды интеллектіні, цифрландыру мен инновациялық технологияларды аграрлық салаға енгізуге ерекше көңіл бөлемін. Қоғамға пайдалы білімді қолжетімді ету мақсатында ақпараттық және бұқаралық медиа алаңдарда сұхбаттар беріп, органикалық егіншілік, экологиялық таза өнім өндіру, ауыл шаруашылығын цифрландыру, жасанды интеллектіні аграрлық өндіріске енгізу және инновациялық технологияларды қолдану жөніндегі ғылыми әрі кәсіби көзқарасымды көпшілікпен бөлісемін. «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ауыл шаруашылығы саласына білікті кадрлар даярлау, еңбек мәдениетін жаңғырту, мамандардың цифрлық дағдыларын дамыту және заманауи жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы беделін арттыру жөніндегі ұсыныстарымды көпшілік назарына ұсындым. 2025 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаевтың Алматы облысының жастарымен кездесуінде маған жастар атынан сөз сөйлеу мүмкіндігі берілді. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, жас ғалымдарды қолдау, жастардың кәсіби дамуына жағдай жасау және аграрлық салаға инновациялық шешімдерді енгізу жөніндегі ой-пікірлерім мен ұсыныстарымды білдірдім. 2025 жылғы 8 қыркүйекте Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған ресми іс-шараға Алматы облысының өкілі ретінде арнайы іріктеуден өтіп, қатыстым. Бұл — маған көрсетілген зор сенім әрі жүктелген үлкен жауапкершілік. Президент Жолдауы маған жаңа мақсаттарды айқындап, қоғам игілігіне бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға және кәсіби дамуымды жалғастыруға серпін берді. Қоғамдық жұмыстарға да белсенді қатысып, волонтер ретінде әлеуметтік және экологиялық бастамаларға тұрақты түрде атсалысып келемін. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің тазалығын сақтауға, тұрғындардың экологиялық мәдениеті мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға өз үлесімді қосудамын. Әйелдер қанатының мүшесі әрі волонтер ретінде қайырымдылық акцияларына қатысып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсетемін. Қоғамдық және кәсіби қызметімнің жоғары бағалануының белгісі ретінде Қазақстан Құрылтайының төрағасы Айбек Арқабайұлы Дәдебай мырзаның Алғыс хатымен марапатталдым. Сондай-ақ облыстық және аудандық әкімдіктердің алғыс хаттарына ие болдым. Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, ауылдың дамуына қосқан үлесім үшін «Ауылдың құрметті азаматы» ретінде Алғыс хатпен марапатталдым. Менің басты мақсатым — ғылыми білім мен өндірістік тәжірибені қоғам игілігіне бағыттау, ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарына заманауи әрі экологиялық жауапты егіншілік тәсілдерін үйрету, жастардың білімге, ғылымға және еңбекке деген қызығушылығын арттыру. Жастармен бірге қоғамдық маңызы бар бастамаларды жүзеге асыру, пайдалы білімді көпшілікке түсінікті түрде жеткізу және инновациялық тәжірибені тарату арқылы еліміздің аграрлық, ғылыми, әлеуметтік және экологиялық дамуына үлес қосуды азаматтық міндетім деп санаймын. Менің бұл қызметім «Білімді әйгілеуге қосқан үлесі үшін» номинациясының негізгі мақсатына толық сәйкес келеді деп есептеймін. Себебі мен білімді кәсіби қызметімде қолданып қана қоймай, оны бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық кездесулер, ағартушылық іс-шаралар және шаруашылықтарға көрсетілетін практикалық қолдау арқылы көпшілікке таратып, нақты қоғамдық міндеттерді шешуге бағыттап келемін.

Текст приведен на языке подачи заявки.

1
голосов

№ 7 Акбопе Жаманкулова және «Шуақ» тобы

город Шымкент, Шымкент

Біздің «Шуақ» волонтерлік тобы Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы жаратылыстану - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында құрылған. 2026 жылғы мамыр айында бізге «Help Today қоғамдық қайырымдылық қорынан ұсыныс келіп түсті. Ол бойынша облыстық балалар ауруханасында онкологиялық және гематологиялық аурулармен ұзақ уақыт емделіп жатқан балаларға арналған ауруханаішілік мектептер желісі «Smart School» да балаларға сабақ беру туралы айтылды. "Help Today" қоғамдық қайырымдылық қоры ұйымдастырған, онкологиялық және гематологиялық аурулармен ұзақ уақыт емделіп жатқан балаларға арналған ауруханаішілік мектептер желісі «Smart School» балалардың аурухана жағдайында да білім алуына ықпал етеді. Осы тұрғыдан біз маусым айынан бастап сабақ берумен айналысамыз. Мақсатымыз — ауыр дертке шалдыққан балалардың емделу кезінде білімнен қол үзбей, қатарластарынан қалмай дамуына және психологиялық қолдау алуына жағдай жасау. Оқушылар өз еріктерімен ментальды арифметика, робототехника, сурет және қолөнер, әдебиеттік оқу, игротерапия, ағылшын тілі деген сабақтар өтті. Жаз бойы каникул кезінде оқушылар өз уақыттарын бөліп, ауру балаларға сабақ берумен айналысты. Жаздың үш айының бір күні де бос қалмай ем алып жатқан балалар білім алды. 1қыркүйекте осы жазда жұмыс жасаған балаларға сертификаттар табысталды. Жаңа оқу жылы басталған соң ол оқушыларды босаттық, себебі олар бітіруші сыныптар болды. Жаңа оқу жылын жаңа құраммен бастадық. Сабақ басталған соң да уақыт тауып осы жобаны жалғастырудамыз. Тобымыздың жоспары бар. Біздің топ оқушылары осы жұмысты жүргізе отырып, мынадай факторларды ескердік. Оқушылар өздері сабақ бере жүріп, өздері де тұлғалық тұрғыда дамыды. • Икемділік және жеке тәсіл (Индивидуализация): Балалардың денсаулық жағдайы (химиятерапиядан кейінгі әлсіздік, капельницалар) тұрақсыз болады. Сондықтан сабақ кестесі мен жүктемесі әр баланың сол сәттегі көңіл-күйі мен физикалық жағдайына қарай икемделеді. • Психологиялық қолдау және Арт-терапия: Оқыту тек білім беру ғана емес, сонымен қатар терапия рөлін атқарады. Сурет салу, қолөнер сияқты арт-терапия элементтері баланың стрессті жеңуіне көмектеседі. • Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар: Онкогематология бөліміндегі балалардың иммунитеті өте төмен болады. Сол себепті санитарлық нормаларды қатаң сақтадық. Осы жерге тобымыздың жаз бойы жасаған жұмысының жоспары және жаңа оқу жылына арналған жоспарларымызды қосып тіркеп отырмын. Сонымен қатар, оқушыларымыздың алған сертификатынан үлгі де беріп отырмын, осындай сертификат 17 оқушы алды. Қайырымдылық қорының атынан жетекшіге де алғыс хат берілді. Жаңа оқу жылында жаңа құрам 19 оқушы болып бастадық. «Help Today қоғамдық қайырымдылық қорының инстаграмында біздің жұмыстарымыз туралы ақпарат беріліп отырады. Ақпарат берумен айналысатын арнайы СММ волонтеріміз бар. БІздің қайырымдылық жасаушы ерікті тобымыздың жұмысын бағалап "ЖЫЛ ВОЛОНТЕРІ" сыйлығының "Білімді әйгілеудегі үлесі" номинациясы бойынша қарастыруыңызды сұраймыз.

Текст приведен на языке подачи заявки.

0
голосов

№ 8 Бекболатқызы Гүлжазира

город Астана, Астана

Волонтерлік – мен үшін білімім мен кәсіби тәжірибемді қоғам игілігіне жұмсау. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде 2024 жылдан бері Еуропада тұратын қазақ балаларына қазақ тілін тегін үйретіп келемін. Осы мақсатта «Шетелдегі қазақ балаларының ана тілін үйрету мен дамыту» еріктілік жобасын жүзеге асырып жатырмын. Жобаның негізгі мақсаты – шетелдегі қазақ балаларына ана тілін, ұлттық мәдениетін, тарихын және халық ауыз әдебиетін үйренуге тегін әрі жүйелі мүмкіндік жасау, олардың тарихи Отанымен рухани байланысын нығайту, ұлттық бірегейлігін сақтауға ықпал ету және сапалы білімге қолжетімділігін арттыру. Шетелде өсіп келе жатқан қазақ балалары бірнеше тілдік және мәдени ортада тәрбиеленеді. Күнделікті өмірде олар тұратын елдің тілін қолданады, ал қазақ тілі көбіне отбасылық қарым-қатынас аясында қалады. Сондықтан ана тілін жүйелі меңгеруге мүмкіндік беру маңызды. Ана тілі арқылы бала ұлттық дүниетанымды, салт-дәстүрді, әдебиетті, тарихты және отбасылық құндылықтарды таниды. Жобаны бастаған 2024–2025 оқу жылында Германия мен Нидерландыдан 6 бала қатысты. 2025–2026 оқу жылында қатысушылар саны 9-ға, ал 2026–2027 оқу жылында 11 балаға жетті. Қамтылған елдер қатарына Ұлыбритания, Лондон қосылды. Үш оқу жылында жоба 26 баланы қамтыды. Сабақтар жексенбі сайын Google Meet арқылы 60 минут өткізіледі. Сабақтар тегін. Сабақтарды «20/20/20» құрылымы бойынша ұйымдастырдым: 20 минут – интерактивті тіл, 20 минут – этномәдениет, 20 минут – сөйлеу клубы. Интерактивті бөлімде жаңа сөздер, сөйлем құрау, диалог, күнделікті өмірдегі тілдік жағдаяттар қарастырылады. Этномәдениет бөлімінде «Жеті ата», «Тұмардың сыры», ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер, ертегілер, батырлар жыры, ұлттық аспаптар сияқты тақырыптар қамтылады. Сөйлеу клубында балалар өз отбасы, мектебі, қаласы, қызығушылығы және тұратын елі туралы қазақша әңгімелейді. Осылайша тіл, мәдениет және қарым-қатынас өзара ұштасады. Жобаның қоғамдық пайдасы бірнеше бағытта көрінеді. Біріншіден, балаларға ана тілін тегін үйренуге мүмкіндік беремін. Екіншіден, ұлттық мәдениетпен және тарихи Отанымен байланысын сақтауға ықпал етемін. Үшіншіден, қазақ тілінде сөйлеу, тыңдау, оқу және ойын жеткізу дағдыларын дамытамын. Төртіншіден, үш елдегі балаларды ортақ тілдік ортаға біріктіріп, мәдени қарым-қатынас жасауына жағдай жасаймын. Жобаның ерекшелігі – оның бір реттік емес, 2024 жылдан бері тұрақты жалғасып келе жатқан толықтай еріктілік бастама болуы. Мен сабақтарды өз уақытыммен жоспарлаймын, оқу материалдарын әзірлеймін және балалармен жұмыс жүргіземін. Бұл – кәсіби тәжірибемді қоғамға берудің нақты үлгісі. Мен үшін әрбір үйретілген сөз – ана тілін сақтауға қосылған үлес, әрбір қазақша айтылған сөйлем – ұрпақтар арасындағы рухани байланыстың жалғасуы. Еріктілік арқылы мен шетелдегі қазақ балаларының ана тілін ұмытпай, ұлттық мәдениетін танып, әлемдік ортада өз болмысын сақтап еркін дамуына қолдау көрсетіп келемін. Бұл – менің ұстаз ретіндегі кәсіби миссияммен сабақтас азаматтық ұстанымым. Бар жасағаным осы!

Текст приведен на языке подачи заявки.

0
голосов

№ 9 Кудиярова Анна Мергенбаевна

город Алматы, Алматы

Кудиярова Анна Мергенбаевна** Номинация: «Лучший волонтёр года» Период волонтёрской деятельности:** 2005–2026 годы Стаж волонтёрской деятельности:** более 20 лет Основные направления деятельности * психологическая помощь населению; * бесплатные салоны психоанализа; * профессиональная супервизия специалистов; * поддержка уязвимых категорий населения; * психологическое просвещение молодёжи; * профилактика буллинга и суицидального поведения; * поддержка специалистов, работающих с детьми и жертвами насилия; * развитие психоаналитического образования; * проведение образовательных и просветительских мероприятий; * участие в социальных и общественно значимых проектах; * профилактика профессионального выгорания специалистов; * развитие психологической культуры и повышение доступности профессиональной помощи. Краткая информация о кандидате Кудиярова Анна Мергенбаевна на протяжении более 20 лет осуществляет непрерывную профессиональную волонтёрскую деятельность в сфере психологической помощи, психологического просвещения, супервизии специалистов и реализации социально значимых инициатив. С 2005 года Анна Мергенбаевна на безвозмездной основе предоставляет профессиональные знания, опыт и время людям, которые нуждаются в психологической поддержке, а также специалистам, работающим с детьми, подростками, семьями и другими уязвимыми категориями населения. Особое место в её волонтёрской деятельности занимают бесплатные еженедельные салоны психоанализа. На протяжении около 20 лет данные встречи проводятся на безвозмездной основе и направлены на повышение доступности профессиональной психологической помощи для населения. За этот период проведено около 800 бесплатных салонов. Исходя из продолжительности работы и регулярности встреч, общий объём безвозмездной профессиональной деятельности составляет около 1 600 часов. Бесплатные салоны стали постоянной площадкой, где люди получают возможность обратиться к специалисту, обсудить психологические трудности, жизненные кризисы, семейные и личные проблемы, вопросы взаимоотношений, эмоционального состояния и другие жизненные ситуации. Важным результатом этой работы является создание доступного пространства для получения профессиональной психологической поддержки без финансовых затрат со стороны участников. Психоаналитическое образование и просветительская деятельность Значительная часть волонтёрской деятельности Анны Мергенбаевны связана с распространением психологических знаний и развитием психоаналитического образования. За период деятельности реализовано 35 Школ психоанализа для взрослых и 17 Школ психоанализа для подростков**. В мероприятиях для взрослых приняли участие более 3 000 человек Школы психоанализа выполняют не только образовательную, но и социально-просветительскую функцию. Участники получают знания о психологических процессах, особенностях человеческого поведения, межличностных отношениях, эмоциональных состояниях Её деятельность представляет собой многолетний вклад в развитие психологической культуры.

1
голосов

№ 10 Муратжанова Зиеда Гуламжановна

город Шымкент, Шымкент қаласы

Әлеуметтік маңызы бар және қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесім 1. Көшбасшылық, жастар саясаты және қоғамдық қызмет Менің азаматтық және волонтерлік ұстанымым мектеп, қала және республикалық бастамалардың өміріне белсенді араласу арқылы қалыптасты: Мектеп өзін-өзі басқару және сайлау: Ұлы ағартушы және ойшыл Абай Құнанбайұлы атындағы мектеп парламентінің белсенді мүшесімін, онда маңызды стратегиялық бағыт — «Мәдениет және волонтерлік» бөлімін басқарамын. Бұл қызметте мен мәдени-ағартушылық бастамаларды ұйымдастырып, құрдастарымның дәстүрге, өнерге және саналы волонтерлікке деген қызығушылығын оятамын. Сонымен қатар, мектеп Президенттігіне кандидатпын, бұл оқушылар ұжымының маған деген жоғары сенімін және барлық білім ортасын дамытуға жауапкершілікпен қарауға дайын екендігімді көрсетеді. Халықаралық және этносаралық волонтерлік: Жастар қозғалысын республикалық және халықаралық деңгейде белсенді түрде таныстырамын. ASAA, UNICEF ұйымының волонтері ретінде балалардың құқықтарын қорғауға, цифрлық сауаттылыққа және әлеуметтік әл-ауқатқа бағытталған бастамаларға қатысамын. Сондай-ақ «Barbang_Shymkent» Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қозғалысының белсенді мүшесі ретінде еліміздегі этносаралық келісімді, достықты, толеранттылықты және мәдени әралуандықты сақтауға өз үлесімді қосып келемін. Іс-шаралар мен турнирлер ұйымдастыру: Мектеп базасында және жастар алаңдарында әртүрлі ауқымды іс-шаралардың, турнирлердің, зияткерлік оқулар мен спорттық жарыстардың ұйымдастырушысы әрі идея авторымын. Мақсатым — әрбір жасөспірім өз әлеуетін ашып, пікірлестер табатын дамытушы орта құру. 2. Инновациялық және технологиялық үлес: білім беру мен денсаулыққа арналған цифрлық экожүйе Бағдарламалауға деген қызығушылығымды қоғамдық пайдамен ұштастыра отырып, заманауи қоғамның өзекті мәселелерін шешетін бірқатар пайдалы цифрлық шешімдер мен веб-қосымшалар әзірледім: «FocusSchool» веб-қосымшасы: Оқу үрдісін оңтайландыруға, жеке өнімділікті арттыруға және ең бастысы — физикалық денсаулықты сақтауға (уақытты басқару құралдары, қалыпты бақылау, көзге арналған гимнастика және пайдалы әдеттер) арналған инновациялық интерактивті жоба. «Aua-Mini» интерактивті эко-платформасы және экологиялық бастамалар: Экологиялық тәрбие беруге, ауа тазалығына мониторинг жасауға және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға арналған ағартушылық веб-ойындар мен цифрлық құралдарды әзірледім. Білімді цифрландыру: Өзім жасаған сайттар мен веб-құралдар мұғалімдер мен оқушылар үшін ашық білім беру ресурстары болып қызмет етіп, білім алуды интерактивті әрі қолжетімді етеді. 3. Шығармашылық әлеует, республикалық жеңістер және шешендік өнер Көп қырлы тұлға ретінде мен мәдени бағытты белсенді дамытып, мектебіміздің атын ең жоғары деңгейде асқақтатып жүрмін: Республикалық мәнерлеп оқушы және шешендік өнер: Республикалық мәнерлеп оқу байқауларының, олимпиадалар мен шығармашылық сайыстардың жеңімпазымын және жүлдегерімін. Менің өнер көрсетулерім, көркем сөзді терең түсінуім және шешендік шеберлігім республикалық деңгейдегі қазылар алқасымен жоғары бағаланды. Көркем сөз оқу өнері арқылы жастар арасында мәдени мұра мен рухани құндылықтарды белсенді түрде насихаттаймын. 4. Академиялық жетістіктер, стипендиялар және қоғамдық мойындау Менің волонтерлік, шығармашылық және жобалық қызметім оқудағы мінсіз көрсеткіштеріме тығыз байланысты: Академиялық биік көрсеткіштер: «Алтын белгі» белгісіне үміткермін және тек үздік бағаға («барлығы қызыл») оқимын, бұл ғылымды, шығармашылықты және волонтерлікті тиімді ұштастыра білетін жоғары тәртіп пен аналитикалық ойлау қабілетін көрсетеді. Стипендиялар және Құрмет тақталары: Оқудағы жоғары жетістіктерім мен белсенді азаматтық ұстанымым үшін атаулы стипендиялардың иегерімін, ал менің суреттерім білім ордасының құрметті орындары мен Құрмет тақталарына ілінген. Жалпыұлттық тану: Белсенді, әзірлеуші және волонтер ретіндегі қызметім көпшілік кеңістікте және бұқаралық ақпарат құралдарында жас көшбасшылықтың жарқын үлгісі ретінде кеңінен көрініс тапқан.

Текст приведен на языке подачи заявки.

120
голосов

№ 11 Даутова Фариза Давлятовна

Павлодарская область, Павлодар

Мой основной вклад в решение социально направленных общественно-полезных задач связан со сферой образования. На протяжении последних лет я создаю и развиваю образовательные и волонтёрские инициативы, направленные на то, чтобы дети и подростки независимо от их социального положения имели доступ к дополнительным знаниям, изучению иностранных языков, развитию навыков публичного выступления, лидерства и коммуникации. Я считаю, что сегодня одной из важных социальных задач является неравный доступ детей к дополнительному образованию. В современном мире знание иностранных языков становится всё более значимым для дальнейшего обучения, участия в международных программах, получения новых знаний и профессионального развития. При этом не у каждой семьи есть возможность оплачивать дополнительные курсы, индивидуальные занятия и образовательные программы. Стоимость качественного дополнительного образования для многих семей может быть высокой, поэтому я стремлюсь создавать бесплатные образовательные возможности для детей и подростков. Для меня эта проблема имеет и личное значение. Я владею пятью языками и на собственном опыте понимаю, насколько знание языков расширяет кругозор человека и открывает доступ к новым возможностям. Именно поэтому я придерживаюсь принципа: «язык — это ключ ко всем дверям». Я хочу, чтобы такие возможности были не только у тех детей, чьи родители могут позволить себе дорогостоящие языковые курсы, но и у школьников, которые не имеют такой возможности. Одним из основных направлений моей деятельности является волонтёрство в сфере образования. Я являюсь руководителем школьного волонтёрского движения и участвую в реализации социально-образовательного проекта «Оқушыдан оқушыға». Суть проекта заключается в том, что учащиеся нашей школы на безвозмездной основе проводят занятия для детей — воспитанников КГУ «Детская деревня семейного типа села Кенжеколь». Я принимаю непосредственное участие в реализации проекта: самостоятельно преподаю иностранные языки, участвую в подготовке образовательных материалов, координирую работу волонтёров и слежу за организацией образовательного процесса. Для меня важно, что в данном проекте дети не просто получают отдельное занятие. Мы стараемся создать для них безопасную и поддерживающую образовательную среду, в которой ребёнок может задавать вопросы, не бояться ошибок, развивать свои знания и постепенно становиться увереннее в своих силах. Одновременно проект даёт возможность самим школьникам-волонтёрам получить опыт преподавания, ответственности и работы с детьми. Отдельным направлением моей деятельности является социально-образовательный проект «Meyirimdi bol», основателем и руководителем которого я являюсь. Проект направлен на поддержку детей и подростков, развитие уверенной речи, коммуникационных и лидерских навыков, а также создание дополнительных возможностей для образования и личностного развития. В рамках «Meyirimdi bol» мы организовывали бесплатные образовательные и социальные мероприятия на базе школы-интерната имени Ы. Алтынсарина. Реализация мероприятий стала возможной при спонсорской поддержке в размере 7 миллионов тенге. Для меня это было особенно важно, поскольку благодаря привлечённым ресурсам мы смогли сделать образовательные мероприятия более масштабными и предоставить детям не только разовое участие, но и дальнейшую возможность продолжать обучение. В мероприятиях принимали участие около 100–150 детей и подростков, в том числе талантливая и социально активная молодёжь города. Для участников проводились образовательные активности, направленные на развитие уверенной речи, коммуникации, публичных выступлений и изучение иностранных языков. Детям также предоставлялись сертификаты и возможность бесплатно обучаться английскому языку в течение одного месяца. Таким образом, мы старались не ограничиваться одним мероприятием, а дать участникам конкретную возможность продолжить образовательное развитие. Все основные этапы реализации проекта, мероприятия и взаимодействие с участниками зафиксированы на фото- и видеоматериалах. Подтверждающие материалы имеются и могут быть предоставлены при необходимости. Особое место в моей деятельности занимает образовательный проект «Level Up», который я самостоятельно основала и развиваю в Павлодаре. Его основная идея — объединить несколько направлений развития подростков: изучение иностранных языков, публичные выступления, дебаты, лидерство, проектную деятельность и международное взаимодействие. В рамках Level Up я провожу занятия по английскому языку, образовательные тренинги по разработке социальных проектов и стартапов, а также мероприятия в формате Model United Nations. Я не только выступаю в качестве участника или преподавателя, но и занимаюсь организацией мероприятий, координацией команды, подготовкой программы и взаимодействием с площадками и участниками. Мероприятия Level Up проходили на базе КГУ «Назарбаев Интеллектуальная школа» города Павлодара, КГУ «Школа-интернат имени Ы. Алтынсарина», НАО «Торайгыров университет» и КГУ «Областная универсальная научная библиотека имени С. Торайгырова». Общий охват участников образовательных мероприятий проекта составляет более 200 человек. Отдельное направление Level Up — Model United Nations. Я организовываю и участвую в дипломатических конференциях, где школьники получают возможность попробовать себя в роли делегатов государств, изучать международные вопросы, готовить выступления, аргументировать свою позицию, вести переговоры и работать в команде. В мае 2026 года я была председателем президиума Pavlodar MUN, в котором приняли участие около 100 человек. Я считаю, что такие мероприятия являются частью современного образования, поскольку позволяют детям развивать навыки, которые невозможно сформировать только за счёт изучения школьной программы. Участник учится выступать перед аудиторией, самостоятельно искать и анализировать информацию, слушать противоположную позицию, аргументировать собственную точку зрения и работать вместе с другими людьми. Также я провожу образовательные мероприятия и выступления для школьников. В общей сложности в мероприятиях, которые я организовывала и проводила в рамках своих проектов, участвовало более 200 детей и подростков. Для меня важен не только количественный показатель, но и то, какие возможности получают участники после мероприятия: уверенность в себе, новые знания, навыки общения и понимание того, что они сами могут создавать проекты и влиять на окружающую среду. Важной частью моей общественной деятельности является участие в Молодёжном совете ЮНИСЕФ Восточного региона Казахстана. В составе Молодёжного совета я участвую в молодёжных инициативах, связанных с развитием лидерства, волонтёрства и защитой прав детей. Это направление помогает мне лучше понимать потребности современной молодёжи и применять полученный опыт в собственных социальных и образовательных проектах. Также я являюсь министром права школьного парламента и была избрана заместителем председателя по вопросам инновационного развития Альянса учащихся Республики Казахстан в Павлодарской области. Эти роли позволяют мне работать не только как волонтёру, но и как представителю интересов школьников и организатору молодёжных инициатив. Волонтёрская деятельность для меня не ограничивается одним проектом или одной организацией. Я стараюсь объединять различные возможности: школьное самоуправление, молодёжное волонтёрство, образовательные проекты, международные инициативы и работу с детьми. Благодаря этому я могу не только сама участвовать в общественно полезной деятельности, но и привлекать к ней других подростков. Я также участвую в деятельности AMANAT и молодёжных инициативах при поддержке партии. Благодаря этой поддержке у меня появляется возможность реализовывать общественно полезные идеи, находить партнёров и площадки для проведения мероприятий и расширять охват проектов. При этом для меня принципиально важно, чтобы поддержка направлялась именно на конкретный результат: проведение образовательного мероприятия, предоставление детям новых возможностей, развитие волонтёров или создание условий для дальнейшего обучения. Одним из примеров такой работы стало проведение образовательных мероприятий на базе школы-интерната имени Ы. Алтынсарина, где благодаря привлечённой поддержке мы смогли организовать программу для 100–150 участников и предоставить детям сертификаты на бесплатное месячное обучение английскому языку. Кроме языкового образования, я уделяю внимание развитию научного и проектного мышления. Совместно с педагогами школы я занимаюсь научно-исследовательской работой, разрабатываю и представляю проекты на республиканском и международном уровнях. Полученные призовые места, в том числе I и II места, я воспринимаю не только как личные достижения, но и как доказательство того, что системное обучение и поддержка со стороны наставников дают молодым людям возможность развиваться и представлять свои идеи на более высоком уровне. В 2025 году я стала обладателем премии «Тәуелсіздік ұланы». Для меня это стало дополнительной мотивацией продолжать общественную и образовательную деятельность и использовать свои знания не только для собственного развития, но и для помощи другим. Я стараюсь создавать именно устойчивые проекты. Мне важно, чтобы после одного проведённого мероприятия работа не заканчивалась. Поэтому я привлекаю других школьников к волонтёрству, распределяю обязанности, передаю им опыт проведения занятий и организации мероприятий. Такой подход позволяет формировать среду, в которой сами подростки становятся организаторами и наставниками для других. Я убеждена, что образование — это один из наиболее эффективных способов долгосрочно менять жизнь человека. Если дать ребёнку знания, уверенность и возможность попробовать себя в новой сфере, результат может проявиться не только сегодня, но и через несколько лет. Именно поэтому в своей волонтёрской деятельности я стараюсь не просто «помогать», а создавать возможности. Мой вклад в решение общественно полезных задач заключается в том, что я самостоятельно инициирую и развиваю образовательные проекты, привлекаю к ним волонтёров и партнёров, организовываю бесплатные занятия и мероприятия, преподаю иностранные языки, развиваю у детей и подростков навыки публичного выступления и лидерства и создаю условия для их дальнейшего обучения. За время моей деятельности я работала с детьми и подростками разных возрастов и социальных категорий, организовывала мероприятия на различных образовательных площадках, привлекала волонтёров, участвовала в международных и молодёжных инициативах и продолжала развивать собственные социальные проекты. Для меня волонтёрство — это не просто участие в мероприятиях и не строка в портфолио. Это ответственность за результат. Если я вижу, что ребёнку не хватает возможности изучать язык, я стараюсь организовать такую возможность. Если подросток боится выступать, я создаю пространство, где он может попробовать. Если у молодого человека есть идея, но нет навыков её реализации, я стараюсь помочь ему получить эти навыки. Свою дальнейшую деятельность я хочу направлять на расширение доступного образования для детей и подростков, развитие языковых и лидерских навыков, поддержку молодёжных инициатив и создание новых бесплатных образовательных возможностей. Я сама продолжаю учиться и развиваться, но считаю важным делиться полученными знаниями с другими. Именно поэтому для меня образование и волонтёрство тесно связаны между собой: знания дают человеку возможность изменить собственную жизнь, а волонтёрство позволяет сделать эти возможности доступнее для других. Моя цель — способствовать формированию активной, образованной и инициативной молодёжи, которая не только получает знания, но и сама становится источником позитивных изменений в своём городе и обществе. Видео: https://drive.google.com/file/d/1UZVGxsTYqBn-bL9q4NFV385NH1C2f5O-/view?usp=drivesdk

2
голосов

№ 12 Қайназарова Гүлдерай Есімханқызы

Туркестанская область, Сауран ауданы Жалаңтөс ауылы

Мен, Қайназарова Гүлдерай Есімханқызы, қырық шақты үйі бар Жалаңтөс ауылында тұрамын. Осы ауылдағы Жалаңтөс шағын жинақты бастауыш мектебінде 26 жылдан бері бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етіп келемін. Ұстаздық қызметімдегі басты мақсатым – оқушыларға сапалы білім берумен қатар, оларды мейірімді, жауапты, табиғатты аялауға және қоғамға пайда келтіруге ұмтылатын азамат етіп тәрбиелеу. Өзімнің волонтерлік қызметім аясында қоғамдық маңызы бар бірнеше бағытта белсенді жұмыс жүргізіп келемін. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында республикалық «Green Steppe: Экосаналылық әр қадамда» жобасы аясындағы «Экология саласындағы волонтерлік» оқу курсын сәтті аяқтап, экологиялық волонтерлік бағытында білім мен дағдыларды меңгердім. Ұлттық волонтерлер фронт-офисімен бірлесіп өткізілген «Қыста құстарға көмектесейік» республикалық бастамасына оқушыларымды қатыстырдым. Екі оқушыммен бірге құстарға арналған арнайы жемшашарлар жасап, оларды жүйелі түрде қоректендіруді ұйымдастырдық. Қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін екі оқушым сертификатталды. Бұл бастама балалардың табиғатқа жанашырлығын арттырып, экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті. Қоғамдық қауіпсіздік пен ағартушылық бағытында да өз үлесімді қосып келемін. «Төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлік» бағдарламасы бойынша оқу курсын сәтті аяқтап, тиісті сертификат алдым. Сонымен қатар «Төтенше жағдайлардағы волонтерлікті дамыту және ТЖ жою» жобасы аясында төтенше жағдайлар кезіндегі волонтерлік, волонтерлік жобаның құрылымы, күйзелудің алдын алу және стресске төзімділік бағыттары бойынша білімімді жетілдірдім. Алған білімімді мектеп қабырғасында оқушылар мен ата-аналар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған түсіндіру және ағартушылық жұмыстарында пайдаланып келемін. Балаларға төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету, қауіпсіздік ережелерін сақтау, табиғи қауіптерден сақтану туралы түсінік беремін. Мен үшін волонтерлік – тек қоғамдық іс-шараға қатысу емес, күнделікті өмірде қоғамға пайда келтіру, жақсылық жасау және өзгеге үлгі болу. Мұғалім мен волонтер рөлдерін ұштастыра отырып, оқушыларды кішкентай кезінен ізгілікке, табиғатты қорғауға, жауапкершілікке және азаматтық белсенділікке тәрбиелеуді өзімнің маңызды міндетім деп санаймын. Шағын ауылда еңбек етсем де, балалардың жүрегіне мейірімділік пен жауапкершілік дәнін себу арқылы қоғамның болашағына өз үлесімді қосып келемін. Алдағы уақытта да экологиялық мәдениетті насихаттау, балалардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және қоғамдық қауіпсіздік бағытындағы ағартушылық жұмыстарды жалғастыра беремін.Волонтерлік қызмет арқылы мен ауылымыздағы балалардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауына және өз ісіне жауапкершілікпен қарауына ықпал етудемін. Әрбір игі істің тәрбиелік мәні зор деп білемін. Себебі бүгінгі кішкентай жақсылық – ертеңгі үлкен азаматтық ұстанымның негізі. Мен үшін ең үлкен нәтиже – кішкентай оқушыларымның жүрегінде мейірімділік, қамқорлық және елге қызмет ету құндылықтарын қалыптастырып, адал азамат етіп шығару.

Текст приведен на языке подачи заявки.

83
голосов

№ 13 Футман Глеб Евгеньевич

Костанайская область, Костанай

Мой вклад в решение социально направленных и общественно полезных задач заключается в системной работе по популяризации знаний, развитию образовательных возможностей и повышению доступности практического обучения для разных возрастных и социальных групп. Образовательная деятельность является одним из центральных компонентов моей волонтёрской работы. Я не ограничиваюсь участием в готовых образовательных мероприятиях, а самостоятельно создаю и реализую проекты, формирую команды, разрабатываю образовательные программы, провожу тренинги и передаю участникам практические знания, которые они могут использовать в учёбе, работе, волонтёрской и общественной деятельности. Одним из наиболее значимых результатов моей деятельности стала организация республиканского форума «Академия волонтёров Be Kind» - крупнейшей в Костанайской области образовательной академии для волонтёров. В рамках двухдневной образовательной программы 50 участников получили практические знания по 7 направлениям волонтёрства и дополнительным профильным направлениям soft skills. Программа была построена по принципу «от знания к действию»: вместо исключительно лекционного формата участники проходили тренинги, выполняли командные задания, разбирали практические кейсы, моделировали реальные ситуации и непосредственно применяли полученные инструменты. Таким образом, академия стала не просто образовательным мероприятием, а площадкой для формирования практических компетенций будущих лидеров волонтёрского движения. Отдельным направлением моей деятельности является профориентационное образование школьников. В рамках проекта «Mama&Sight» создаются возможности для знакомства учащихся с узкими и специализированными направлениями профессиональной деятельности, включая медицинские, технические и другие специальности. Проект позволяет показать школьникам профессии не только в рамках общих представлений, но и через конкретные профессиональные направления, компетенции, требования и возможности дальнейшего обучения. Это способствует расширению кругозора учащихся и помогает им более осознанно подходить к выбору будущей образовательной и профессиональной траектории. Важную часть моей деятельности составляет экологическое просвещение молодёжи. В рамках проекта «ECOFEST», реализуемого в контексте общенационального движения «Таза Қазақстан», я участвую в создании образовательных и практических форматов, направленных на повышение экологической грамотности. Участники получают знания об ответственном отношении к окружающей среде и возможностях внедрения экологичных принципов в повседневную жизнь. При этом акцент делается не только на информировании, но и на практическом вовлечении молодёжи в общественно полезную деятельность. Ещё одним направлением является проект «GuidEL», направленный на повышение цифровой и гражданской грамотности. В рамках проекта молодёжь и представители старшего поколения получают практические знания о государственных электронных сервисах, порталах и возможностях электронного правительства. Для многих участников это не просто получение новой информации, а приобретение конкретного навыка, позволяющего самостоятельно пользоваться современными государственными онлайн-сервисами, получать необходимые услуги и решать повседневные вопросы без посторонней помощи. Я также реализую образовательные инициативы, связанные с современными цифровыми технологиями. В рамках проекта «Think Like Human» более 150 участников в онлайн-формате получили знания об искусственном интеллекте, основах кибербезопасности, фактчекинге и грамотной работе с цифровой информацией. В условиях стремительного развития цифровой среды считаю особенно важным не только знакомить людей с новыми технологиями, но и формировать ответственное отношение к их использованию, умение проверять информацию, распознавать потенциальные угрозы и безопасно взаимодействовать с цифровыми инструментами. Проект «Жас жүректер» был направлен на работу с одиноко проживающими людьми и также включал образовательную составляющую. Участники проекта получали знания и практические навыки в сфере медиаграмотности, кибербезопасности и безопасного использования современных цифровых технологий. Таким образом, образовательные инструменты использовались для повышения самостоятельности и цифровой защищённости людей, которым может быть сложнее адаптироваться к постоянно меняющейся цифровой среде. Отдельное направление моей деятельности - бесплатное обучение молодёжи и волонтёров. На безвозмездной основе я провожу тренинги по лидерству, проектному менеджменту, финансовой грамотности, волонтёрству и другим практическим компетенциям. Данные занятия направлены на то, чтобы участники могли не только получить новые знания, но и самостоятельно применять их: разрабатывать проекты, планировать деятельность, распределять ресурсы, работать в команде, принимать решения, управлять собственным временем и реализовывать общественно полезные инициативы. Через образовательную деятельность я также занимаюсь развитием лидерства и гражданской активности молодёжи. Провожу мероприятия и практические активности, направленные на развитие инициативности, ответственности, командного взаимодействия и готовности самостоятельно включаться в решение общественных задач. Важной частью этой работы является создание условий, при которых молодые люди переходят от позиции участника к позиции организатора и самостоятельно начинают реализовывать инициативы. Особое значение имеет моя работа по формированию и развитию волонтёрских команд. Возглавляемая мной МОО «Энканто» объединяет волонтёров и рассматривает образование как один из основных инструментов развития команды. Я формирую волонтёрские отряды, организую их работу, обучаю участников, провожу инструктажи и тренинги, передаю практические инструменты и создаю возможности для дальнейшего самостоятельного развития волонтёров. В результате образовательный эффект не ограничивается одной аудиторией: подготовленные участники впоследствии применяют полученные знания в собственных проектах, командах и общественной деятельности, передавая опыт другим людям. Таким образом, моя образовательная деятельность имеет мультипликативный эффект: я не только сам распространяю знания, но и обучаю людей, которые впоследствии используют и передают эти знания дальше. Через систему волонтёрского обучения формируется среда, в которой участники становятся организаторами, наставниками и инициаторами новых общественно полезных проектов. Дополнительно я занимаюсь индивидуальной репетиторской практикой по биологии и химии, в том числе оказывая образовательную поддержку представителям социально уязвимых категорий населения. Это направление позволяет непосредственно работать с конкретными образовательными запросами и делать дополнительную подготовку по естественно-научным дисциплинам более доступной для тех, у кого ограничены возможности получать подобные услуги. Все перечисленные направления объединяет общий принцип - доступность знаний и их практическая применимость. Значительная часть образовательной деятельности осуществляется на безвозмездной основе, поскольку для меня важно, чтобы финансовые возможности человека не становились препятствием для получения новых знаний и развития компетенций. Мой вклад в популяризацию знаний заключается не только в количестве проведённых мероприятий или обученных участников. Я создаю образовательные форматы, объединяю людей вокруг обучения, формирую волонтёрские команды, развиваю наставничество и создаю условия для того, чтобы полученные знания продолжали распространяться уже через самих участников. Моя деятельность охватывает школьников, молодёжь, волонтёров и представителей старшего поколения и затрагивает актуальные для современного общества направления: профессиональное самоопределение, волонтёрство, лидерство, проектный менеджмент, финансовую грамотность, экологическое просвещение, цифровую и медиаграмотность, электронное государство, искусственный интеллект, кибербезопасность, фактчекинг и естественно-научное образование. Таким образом, я рассматриваю популяризацию знаний как инструмент общественного развития: дать человеку знания, научить его применять их на практике, сформировать самостоятельность и создать условия, при которых он сможет передать полученный опыт другим. Именно через этот подход я стараюсь формировать устойчивый образовательный и социальный эффект своей волонтёрской деятельности.

50
голосов

№ 14 Тоқтамыс Нұрболат Баратұлы

Туркестанская область, Түркістан

Менің қоғамдық пайдалы қызметімнің негізгі бағыты – жастарға білім алу және даму мүмкіндіктеріне қол жеткізуге көмектесу. Соңғы бірнеше жылда ауыл және қала жастарына Қазақстандағы және шетелдегі жоғары оқу орындарына түсу бойынша тегін бағыт-бағдар беріп келемін. Университет таңдау, қажетті құжаттарды рәсімдеу, мотивациялық эссе жазу, академиялық тесттерге дайындалу, гранттар мен стипендияларды іздеу сияқты мәселелерде өз тәжірибеммен бөлісемін. Әсіресе мұндай мүмкіндіктер туралы ақпаратты қайдан іздеу керектігін білмейтін немесе кәсіби кеңес алуға мүмкіндігі жоқ жастарға көмектесуге тырысамын. Бұл жұмыстың нақты нәтижелерін көрген сайын оның маңызын жақсырақ түсінемін. Мысалы, мен бағыт-бағдар берген бірнеше оқушы шетелдік жоғары оқу орындарына грантпен түсті. Солардың бірі Канададағы университетке 100 пайыздық грант иеленді. Мұндай жағдайларда оқушыға тек университеттер тізімін беру жеткіліксіз екенін түсіндім. Кейде оның құжаттарын бірнеше рет қарап шығу, эссесіндегі ойын дұрыс жеткізуге көмектесу, сұхбат алдындағы қобалжуын азайту немесе «менің де қолымнан келеді» деген сенім қалыптастыру әлдеқайда маңызды болады. Сондықтан бір оқушының мотивациялық хатын бірге талдау немесе бұрын білмеген грант туралы ақпарат беру де мен үшін қоғамдық пайдалы жұмыстың нақты нәтижесі. Ауыл жастарына қолдау көрсетуге ерекше мән беремін. Түркістан облысындағы Шөгірлі және Байтоғай ауыл мектептерінде, сондай-ақ Түркістан қаласындағы бірнеше мектепте жастармен кездесулер өткізіп, білім, ғылым, мамандық таңдау және халықаралық мүмкіндіктер туралы тәжірибеммен бөлістім. Ауылдағы оқушылардың қабілеті қаладағы оқушылардан кем емес, бірақ ақпарат пен мүмкіндікке қолжетімділік әрдайым бірдей бола бермейді. Кейбір оқушылар шетелде білім алу үшін міндетті түрде өте үлкен қаржы қажет деп ойлайды немесе толық гранттар бар екенін білмейді. Осындай кездесулер кезінде өз тәжірибемнен мысал келтіріп, грант іздеу жолдарын, университетке өтінім беру кезеңдерін, тілдік емтихандар мен ғылыми жобалардың маңызын түсіндіруге тырысамын. Сонымен қатар, жастар мен мұғалімдерге арналған тегін семинарлар, кездесулер және воркшоптар өткізіп, STEM, ғылыми зерттеу, заманауи білім беру технологиялары, цифрлық құралдар және кәсіби даму тақырыптарында тәжірибе бөлісіп келемін. Мен үшін мұндай кездесулердің мақсаты тек дайын ақпарат беру емес. Қатысушыларға өз тәжірибесінде қолдануға болатын нақты құрал немесе жаңа идея қалуы маңызды. Мысалы, ғылыми жобаны қалай бастау керек, зерттеу сұрағын қалай нақтылау қажет, халықаралық конференцияға қалай өтінім беруге болады немесе цифрлық технологияларды сабақта қалай тиімді пайдалануға болады деген практикалық мәселелерді талқылаймыз. Жастармен жұмыс барысында өзім қатысқан халықаралық білім беру бағдарламалары, тағылымдамалар мен ғылыми конференциялардағы тәжірибемді де бөлісемін. Себебі халықаралық мүмкіндік алыстағы немесе тек таңдаулы адамдарға арналған нәрсе болып көрінбеуі керек деп ойлаймын. Өз жолымдағы сәтті және сәтсіз тәжірибелерді де ашық айтуға тырысамын. Қандай құжаттарды ертерек дайындау қажет, тілдік дайындық не үшін маңызды, өтінім қабылданбай қалған жағдайда не істеуге болады деген мәселелер жастар үшін кейде ресми ақпараттан да пайдалы болады. Қоғамдық белсенділігім білім беру саласымен ғана шектелмейді. Мәдени мұраны сақтау және оны жастар арасында насихаттау бағытындағы бастамаларға да қатысып келемін. Түркістан сияқты тарихи қалада өскен жас ретінде мәдени және тарихи құндылықтарды жастарға заманауи форматта таныстыру маңызды деп есептеймін. Сонымен қатар цифрлық сауаттылықты арттыруға, жастардың жаңа технологияларды тек тұтынушы ретінде емес, білім алу мен даму құралы ретінде пайдалануына назар аударамын. Мен үшін волонтерлік – міндетті түрде үлкен іс-шара ұйымдастыру немесе көп адамды қамту ғана емес. Кейде бір жасқа дұрыс университет таңдауға көмектесу, бір өтінімді бірге қарап шығу, бір ауыл оқушысына бұрын естімеген халықаралық бағдарлама туралы айту немесе жас зерттеушіге алғашқы ғылыми жобасын бастауға бағыт беру де маңызды. Осындай шағын көмектің өзі адамның кейінгі шешіміне әсер етуі мүмкін. Алдағы уақытта да өз білімім мен жинаған тәжірибемді жастармен бөлісуді жалғастырғым келеді. Әсіресе ауыл және шағын қала жастарына білім беру, ғылыми зерттеу, гранттар, халықаралық бағдарламалар және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы қолжетімді әрі түсінікті ақпарат беруге назар аударғым келеді. Мен үшін осы қызметтің ең маңызды нәтижесі – кеңес алған жастың кейін өз мүмкіндігін пайдаланып қана қоймай, алған тәжірибесін басқа жастармен бөлісуі. Осындай қарапайым қолдау арқылы білім мен мүмкіндіктің бір адамнан екінші адамға таралуына үлес қоса аламын деп ойлаймын.

Текст приведен на языке подачи заявки.

1
голосов

№ 15 Әбдібай Азамат Серікұлы

город Астана, Астана

Менің қоғамдық және әлеуметтік бағыттағы қызметімнің негізгі мақсаты – қоғамға пайдалы бастамаларға белсенді араласу, әлеуметтік мәселелерді шешуге өз үлесімді қосу, қоршаған ортаны қорғау, қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру, білім мен ғылымды насихаттау және айналамдағы адамдарға нақты көмек көрсету. Осы уақытқа дейін қоғамдық, әлеуметтік, экологиялық, ғылыми және зияткерлік бағыттар бойынша көптеген іс-шараларға, акцияларға, байқауларға және жобаларға қатысып, өзімнің азаматтық белсенділігімді қалыптастырып келемін. Мен үшін қоғамдық белсенділік – белгілі бір іс-шараға бір рет қатысып, сертификат немесе марапат алу ғана емес. Қоғамдық белсенділік – өзің өмір сүріп отырған ортаға жауапкершілікпен қарау, қоғамдағы өзекті мәселелерді байқау, сол мәселелерді шешуге атсалысу және өз мүмкіндігің арқылы өзгелерге пайда келтіру. Сондықтан мен өзімнің білімімді, қабілетімді, уақытымды және шығармашылық мүмкіндіктерімді қоғамдық пайдалы жұмыстарға бағыттауға тырысамын. Қоғамдық қызметімнің маңызды бағыттарының бірі – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар. Осы бағытта «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып келемін. Аталған акция аясындағы жұмыстарға қатысу арқылы туған өлкемнің тазалығын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға және адамдар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыруға өз үлесімді қостым. Табиғатты қорғау тек мемлекеттік ұйымдардың немесе арнайы мамандардың міндеті емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі деп есептеймін. Сондықтан сенбіліктерге, тазалық жұмыстарына, экологиялық бастамаларға және қоршаған ортаны абаттандыруға бағытталған іс-шараларға белсенді қатысуға тырысамын. «Таза Қазақстан» бастамасы мен үшін қоршаған ортаны тазалаумен ғана шектелмейді. Оның тәрбиелік және әлеуметтік маңызы да зор. Тазалыққа жауапкершілікпен қарау адамның қоғамдық мәдениетінің көрсеткіші деп түсінемін. Өзім қатысқан экологиялық шараларда айналамдағы адамдармен бірге еңбек ету, ортақ мақсатқа жұмылу, табиғатты қорғау қажеттілігін түсіндіру және қоғамдық ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын насихаттауға атсалыстым. Осындай жұмыстар арқылы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне өз үлесімді қосып қана қоймай, басқа адамдарды да қоғамдық пайдалы іске ынталандыруға тырыстым. Қоғамдық қызметімнің тағы бір маңызды бағыты – қайырымдылық және әлеуметтік қолдау. Осы бағытта «Жүрек жылуы» және «Қайырымды қол» сияқты әлеуметтік жобалар мен байқауларға қатыстым. Бұл жобаларға қатысу барысында қоғамдағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін адамдарға көмек көрсету, жанашырлық таныту және қайырымдылықтың маңызын түсіндіру бағытында тәжірибе жинақтадым. «Қайырымды қол» әлеуметтік байқауында І орын иеленуім – қоғамдық және әлеуметтік бағыттағы еңбегімнің маңызды нәтижелерінің бірі. Сонымен қатар облыстық кезеңде ІІІ орынға ие болдым. Бұл жетістіктер мен үшін жай ғана марапат емес, қоғамға пайдалы іспен айналысуға деген ынтамды одан әрі арттырған маңызды тәжірибе болды. Байқауларға қатысу арқылы әлеуметтік мәселелерге басқаша қарауды, адамдардың қажеттіліктерін түсінуді, өз идеямды дұрыс жеткізуді және нақты әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруды үйрендім. Мен ерекше білім беруді қажет ететін балаларға да көмек көрсету бағытындағы жұмыстарға атсалыстым. Бұл бағыттағы қызмет мен үшін ерекше маңызға ие. Себебі әрбір бала өзінің қабілеті мен мүмкіндігіне қарамастан қоғамның толыққанды мүшесі болып табылады. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолдау көрсету – олардың білім алуына, әлеуметтенуіне және өз мүмкіндіктерін ашуына жағдай жасауға бағытталған маңызды қоғамдық міндеттердің бірі. Осындай балаларға көмек көрсету барысында мен адамға ең қажетті нәрсенің бірі – назар, түсіністік және қолдау екенін түсіндім. Кейде үлкен көмек материалдық қолдаудан емес, қарапайым қарым-қатынастан, бірге уақыт өткізуден, қолдау көрсетуден немесе адамның өзіне деген сенімін арттырудан басталады. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарға шын ниетпен қатысып, өз мүмкіндігімше қолдау көрсетуге тырыстым. Менің қоғамдық белсенділігім қайырымдылықпен ғана шектелмейді. Білім мен ғылым саласында да көптеген жұмыстар атқарып келемін. Менің ойымша, білімді қоғам – кез келген мемлекеттің дамуының маңызды негіздерінің бірі. Сондықтан білімді насихаттау, жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру және зияткерлік белсенділікті дамыту – қоғамға қосылатын маңызды үлестің бірі. Осы бағытта көптеген ғылыми жобаларға қатыстым. Ғылыми жобаларға қатысу барысында зерттеу жүргізу, ақпарат жинау, мәселені талдау, ғылыми болжам жасау, өз ойымды жүйелеу және зерттеу нәтижесін қорғау дағдыларын қалыптастырдым. Әрбір ғылыми жоба мен үшін жаңа тәжірибе болды. Ғылыми ізденіс арқылы белгілі бір мәселені жан-жақты қарастыруды, дайын ақпаратты қабылдап қана қоймай, оның себептері мен салдарын зерттеуді үйрендім. Сонымен қатар республикалық деңгейдегі ғылыми жобаға қатысып, өз білімім мен зерттеушілік қабілетімді жоғары деңгейде сынадым. Республикалық ғылыми жобаға қатысу – мен үшін үлкен тәжірибе әрі жауапкершілік болды. Мұндай деңгейдегі іс-шаралар адамның өз саласына деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, жаңа адамдармен танысуға, түрлі идеялармен алмасуға және өз деңгейіңді бағалауға мүмкіндік береді. Ғылыми жобаларға қатысу арқылы мен білімді тек оқу бағдарламасы шеңберінде қабылдаумен шектелмеу керектігін түсіндім. Ғылым – қоршаған әлемді түсінудің, қоғамдағы мәселелерді зерттеудің және оларды шешудің маңызды құралы. Сондықтан ғылыми ізденіске қатысу арқылы өзімнің ғана білімімді арттырып қоймай, білімнің қоғам дамуындағы маңызын насихаттауға да үлес қосып келемін. Білімді әйгілеу бағытында да көптеген іс-шараларға қатысып, өз үлесімді қостым. Білімді насихаттау мен үшін оқушылар мен жастардың ғылымға, ізденіске және жаңа нәрсені үйренуге қызығушылығын арттырудан басталады. Осы мақсатта түрлі интеллектуалдық байқауларға, ғылыми жобаларға және білім беру бағытындағы іс-шараларға белсенді қатыстым. Мен «XXI ғасыр» байқауына да қатысып, өз білімімді, логикалық ойлау қабілетімді және зияткерлік мүмкіндіктерімді сынадым. Мұндай байқаулардың жастар үшін маңызы зор деп есептеймін, себебі олар бәсекелестік орта қалыптастырып қана қоймай, білім алуға деген қызығушылықты арттырады. Байқауларға дайындалу барысында жаңа ақпарат іздеп, білімімді толықтырып, өзімнің әлсіз тұстарымды анықтап, оларды жетілдіруге мүмкіндік алдым. Мен үшін білімді әйгілеу – тек өз жетістіктеріңді көрсету емес. Керісінше, алған біліміңді айналаңдағы адамдарға пайдалы ету, басқа жастарды білім алуға ынталандыру және ғылымға қызығушылық ояту. Осы ұстаным негізінде түрлі ғылыми және зияткерлік іс-шараларға қатысып, өз тәжірибеммен бөлісуге тырысамын. Қоғамдық белсенділігімнің маңызды ерекшелігі – әртүрлі бағыттарды бір-бірімен байланыстыра білуім. Экология, қайырымдылық, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолдау көрсету, ғылым және білімді насихаттау – бір-бірінен бөлек бағыттар болғанымен, олардың барлығы қоғамның дамуына қызмет етеді. Мен осы бағыттардың әрқайсысына қатысу арқылы қоғамның түрлі мәселелеріне өз көзқарасымды қалыптастырдым. Жарыстар мен байқауларға қатысу барысында көптеген жетістіктерге қол жеткіздім. Жетістіктерімнің саны көп болғанымен, олардың әрқайсысының мен үшін өзіндік маңызы бар. Әрбір сертификат, диплом немесе жүлде белгілі бір еңбектің, дайындықтың, ізденістің және табандылықтың нәтижесі болып табылады. Сол себепті жетістіктерімді тек марапат ретінде емес, өзімді дамыту жолындағы кезеңдер ретінде қабылдаймын. Әртүрлі деңгейдегі жарыстарға қатысу маған жауапкершілікті, уақытты дұрыс жоспарлауды және мақсатқа жету жолында табанды болуды үйретті. Кейбір жарыстарда жоғары нәтиже көрсетсем, кейбірінде тәжірибе жинадым. Бірақ әрбір қатысудан кейін өзім үшін жаңа қорытынды жасап, келесі мүмкіндікке дайындалуға тырыстым. Қоғамдық пайдалы қызметтің тағы бір маңызды қыры – адамдармен жұмыс істей білу. Қайырымдылық және әлеуметтік іс-шараларға қатысу барысында түрлі жастағы және түрлі көзқарастағы адамдармен бірге жұмыс істеуге тура келді. Бұл менің коммуникациялық қабілетімді дамытып, адамдарды тыңдауды, олардың пікірін құрметтеуді және ортақ мақсат үшін бірлесіп әрекет етуді үйретті. Мен өзім қатысқан барлық әлеуметтік жобаларда тек орындаушы болуға емес, бастама көтеруге және белсенділік танытуға тырысамын. Себебі кез келген қоғамдық бастаманың нәтижелі болуы оған қатысушылардың жауапкершілігіне байланысты. Өзімнің шағын үлесімнің өзі үлкен қоғамдық іске қосылған үлес болуы мүмкін екенін түсінемін. Экологиялық акцияларға қатысу арқылы табиғатқа деген жауапкершілігімді арттырсам, қайырымдылық жобалары арқылы адамға деген жанашырлықтың маңызын түсіндім. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көмек көрсету арқылы қоғамда әр адамға тең мүмкіндік қажет екенін ұғындым. Ал ғылыми жобалар мен білім беру бағытындағы байқаулар арқылы білім мен ғылымның адам өміріндегі және қоғам дамуындағы рөлін тереңірек түсіндім. Менің ойымша, қазіргі жастардың қоғамдағы рөлі өте маңызды. Жастар тек білім алып қана қоймай, қоғамдық өмірге белсенді араласуы керек. Себебі болашақ қоғам бүгінгі жастардың көзқарасы мен әрекетіне байланысты қалыптасады. Сондықтан мен өз қатарластарымды қоғамдық жұмыстарға, экологиялық акцияларға, қайырымдылыққа, ғылымға және білімге белсенді араласуға ынталандыруды маңызды деп санаймын. Менің қоғамдық белсенділігімнің тағы бір нәтижесі – өзімнің азаматтық жауапкершілігімнің қалыптасуы. Бұрын белгілі бір іс-шараға қатысуды тек тәжірибе немесе жетістік ретінде қабылдасам, қазір оның қоғамға қандай пайда әкелетінін бірінші орынға қоямын. Адамдарға көмектесу, қоршаған ортаны қорғау, білімді насихаттау және әлеуметтік мәселелерге назар аудару – менің азаматтық ұстанымымның маңызды бөліктеріне айналды. «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуым да осы азаматтық жауапкершіліктің бір көрінісі. Қоршаған ортаның тазалығы мен қауіпсіздігі әр адамның күнделікті әрекетінен басталады. Сондықтан мұндай акцияларға қатысу арқылы қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға, табиғатты қорғауға және экологиялық мәдениетті дамытуға өз үлесімді қосып келемін. Қайырымдылық саласындағы жетістіктерімнің ішінде «Жүрек жылуы» және «Қайырымды қол» әлеуметтік бағыттағы жобалары ерекше орын алады. «Қайырымды қол» байқауында І орын және облыстық кезеңде ІІІ орын иеленуім мен үшін үлкен мотивация болды. Бұл нәтижелер қоғамдық пайдалы қызметтің маңызын одан әрі түсінуге мүмкіндік берді. Республикалық ғылыми жобаға қатысуым да менің қоғамдық және зияткерлік белсенділігімді көрсететін маңызды жетістіктердің бірі. Ғылымға қызығушылық танытып, зерттеу жұмыстарымен айналысу арқылы қоғамға қажетті мәселелерді зерттеуге және олардың шешімдерін іздеуге талпыныс жасадым. Мен көптеген ғылыми жобаларға қатысып, әртүрлі тақырыптарды зерттеу барысында сыни ойлау, талдау және шығармашылық қабілеттерімді дамыттым. Ғылыми жобалардың әрқайсысы мені жаңа ақпарат іздеуге, сұрақ қоюға, дәлел келтіруге және өз пікірімді қорғауға үйретті. Білімді әйгілеу бағытындағы жұмыстарымда да осы тәжірибелерімді пайдаланып келемін. Мен білімнің адам өмірін өзгертетін күш екеніне сенемін. Сондықтан өз жетістіктерім арқылы басқа жастарға да білім алуға, ғылыммен айналысуға және жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға мотивация беруге тырысамын. Менің жетістіктерімнің көп болуы – әртүрлі бағытта өзімді сынап көруге деген талпынысымның нәтижесі. Бір бағытпен ғана шектелмей, әлеуметтік, экологиялық, ғылыми және қоғамдық жұмыстарға қатысу арқылы өзімді жан-жақты дамытуға тырысамын. Бұл тәжірибелер менің дүниетанымымды кеңейтіп, қоғамдағы мәселелерге жауапкершілікпен қарауыма ықпал етті. Қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесімді үш негізгі бағытқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – адамдарға көмектесу және әлеуметтік қолдау көрсету. Екіншісі – қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Үшіншісі – білім мен ғылымды насихаттау және жастардың зияткерлік дамуына үлес қосу. Әлеуметтік бағытта мен қайырымдылық жобаларына қатысып, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көмек көрсеттім. Экологиялық бағытта «Таза Қазақстан» акциясына және басқа да табиғатты қорғау бастамаларына белсенді араластым. Ғылыми және білім беру бағытында республикалық ғылыми жобаға, көптеген ғылыми жобаларға, «XXI ғасыр» сияқты байқауларға қатыстым. Мен үшін осы бағыттардың барлығының ортақ мақсаты – қоғамға пайда келтіру. Адамдарға көмек көрсету арқылы әлеуметтік жауапкершілікті, табиғатты қорғау арқылы экологиялық жауапкершілікті, ал білім мен ғылым арқылы интеллектуалдық жауапкершілікті қалыптастыруға болады. Алдағы уақытта да қоғамдық белсенділігімді жалғастырып, әлеуметтік және қайырымдылық жобаларына қатысуды, экологиялық бастамаларды қолдауды және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуды мақсат етемін. Қоғамға пайдалы болу үшін міндетті түрде үлкен мүмкіндік немесе жоғары лауазым қажет емес деп ойлаймын. Әр адам өз мүмкіндігі шеңберінде нақты әрекет жасай алады. Менің бүгінгі күнге дейінгі жинаған көптеген жетістіктерім – өзімнің еңбегімнің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге маған мүмкіндік берген ұстаздарымның, жетекшілерімнің, отбасымның және бірге жұмыс істеген адамдардың қолдауының нәтижесі. Сол себепті әр жетістігімді жаңа мақсаттарға бастайтын қадам ретінде қабылдаймын. Мен қоғамдық жұмыстарға қатысу арқылы өзім үшін маңызды бірнеше құндылықты қалыптастырдым. Олар – жауапкершілік, мейірімділік, еңбекқорлық, ізденімпаздық, жанашырлық, патриотизм және қоғамға пайда келтіруге деген ұмтылыс. Бұл құндылықтар менің алдағы өмірімде де маңызды бағыт-бағдар болады деп есептеймін. Қорытындылай келе, әлеуметтік бағытталған және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесім көптеген бағытты қамтиды. Мен қайырымдылық акцияларына, әлеуметтік байқауларға, экологиялық бастамаларға, ғылыми жобаларға және білім беру бағытындағы жарыстарға белсенді қатысып келемін. «Таза Қазақстан» акциясына тұрақты түрде қатысып, қоршаған ортаны қорғауға үлес қостым. «Жүрек жылуы» және «Қайырымды қол» әлеуметтік жобаларына қатысып, «Қайырымды қол» байқауында І орын, облыстық кезеңде ІІІ орын иелендім. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көмек көрсеттім. Республикалық ғылыми жобаға және көптеген ғылыми жобаларға қатыстым. «XXI ғасыр» байқауына қатысып, білімімді сынадым және білімді әйгілеуге бағытталған көптеген жұмыстарға өз үлесімді қостым. Мен үшін ең маңызды нәтиже – марапаттардың саны ғана емес, осы жұмыстардың барысында қоғамға қажетті болуды, адамдарға көмектесуді, табиғатты қорғауды және білімнің құндылығын насихаттауды үйренуім. Әрбір қоғамдық жоба мен үшін жаңа тәжірибе, әрбір қайырымдылық ісі – адамгершілік сабақ, әрбір экологиялық акция – табиғат алдындағы жауапкершілік, ал әрбір ғылыми жоба – білімге деген жаңа қадам. Болашақта да осы бағыттағы жұмыстарымды жалғастырып, жаңа әлеуметтік жобаларға қатысып, қоғамдық бастамаларды қолдап, білім мен ғылымды насихаттауға және қоғамның дамуына өз үлесімді қосуға ұмтыламын. Менің басты мақсатым – өз жетістіктеріммен ғана шектелмей, алған білімім мен тәжірибемді қоғамға пайдалы іске айналдыру. Себебі адамның ең үлкен жетістігі – тек өзі биіктен көрінуі емес, өзімен бірге айналасындағы адамдарға да мүмкіндік жасап, қоғамға пайдасын тигізе білуі.

Текст приведен на языке подачи заявки.

373
голосов

№ 16 Мауетбек Мергүл

город Алматы, Алматы город

Мой вклад в направлении «Популяризация знаний» охватывает 7 лет непрерывной волонтёрской деятельности, в течение которых я выступала в роли волонтёра, координатора и организатора социальных проектов. В текущем году я провела обучающий семинар в центре для социальной поддержки лиц с инвалидностью на тему финансовой безопасности, направленный на формирование базовых навыков защиты личных финансов и распознавания мошеннических схем. В ближайшее время запланировано проведение серии семинаров в центрах активного долголетия для людей старшего возраста с адаптацией темы под их потребности. Также мной проведена серия тренингов по финансовой грамотности для молодёжной аудитории в городе Алматы, и в настоящее время ведётся подготовка к проведению аналогичных тренингов в городе Шымкенте. Также хочу отметить, что я дипломированный финансист и опыт работы тимлидом обеспечивают профессиональную основу для проведения просветительской деятельности в сфере финансовой грамотности, позволяют выстраивать образовательные программы системно, структурированно и с учётом реальных потребностей аудитории. На протяжении нескольких лет я поднимала и публично освещала актуальную тему ответственного обращения с животными — каждую публикацию и информационную инициативу по этой теме стабильно просматривали около 1000 человек с активными откликами, что подтверждает реальный общественный интерес к данной теме. Я стараюсь внести свой вклад информационному просвещению людей на тему об ответственном обращении с животными задолго до появления соответствующего закона в своем блоге в инстаграм, также через видео на Ютуб канале поднимая тему защиты и ответственного обращения в частности с кошками, собаками и другими животными находящихся на территории Казахстане, начиная от законодательства и останавливаясь на разных сферах. Также я являюсь волонтером приютов, где помогаю им физически и финансово (из своих собственных средств). А теперь я хотела бы чуть более подробнее написать о своем опыте. Тема защиты животных и ответственного обращения с животными на государственном уровне поднимается сравнительно недавно (закон вышел в 2021 году), однако случаи жестокого обращения с животными, как с домашними, бездомными, так и с экзотическими (еноты, хорьки, львята, лемуры, сурикаты, дикобраз) и животными находящихся в зоопарках, цирках и других местах существует достаточно давно. Именно поэтому я начала свой путь с информационного просвещения людей на тему защиты животных, ответственном обращении с животными задолго до появления соответствующего закона, а также о «развлекательных» местах, где животных используют в целях заработка, делясь информацией в своем окружении и блоге, также посвящая время заботе о бездомных животных. В течение всего семилетнего волонтёрского стажа я координировала, участвовала и самостоятельно организовывала социальные проекты центрах для социальной поддержки лиц с инвалидностью «Тең коғам», общественном объединений Кедергісіз КZ, Казахское общество слепых в Алматы, и др., и направляя усилия на социальную интеграцию, защиту прав и поддержку уязвимых групп населения.

2
голосов